+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Шардарада кәсіпкерлер көпбалалы анаға баспана сыйлады

2020 жылғы 10 наурыз 12:37
Бөлісіңіз:
Шардарада кәсіпкерлер көпбалалы анаға баспана сыйлады

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Шардара ауданында көпбалалы анаға баспана тарту етілді. Бұған дейін баспана тауқыметін тартып келген Қарлығаш Манаповаға ел азаматтары үш бөлмелі үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда 7 балалы отбасыға кәсіпкер баспана сыйлады Созақ ауданында кепілді әлеуметтік пакеттер үлестіріле бастады – Түркістан Бақытты отбасы: СҚО-да былтыр 173 отбасы баспаналы болды

Ел ағалары мен жомарт кәсіпкерлер бірігіп, облыста жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасына сауапты іс жасады.

Аталмыш шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, үйлі болған 7 балалы отбасын құттықтады. Алдағы уақытта да қоғамды ізгілікке, мейірімге жетелейтін бастамалар жалғаса береріне сенім білдірді.

Айта кетейік, өңірде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлестіруімен «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1643 отбасы арнайы тізімге алынған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында тұрған бағдарлама жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болды. Партия филиалы, осы салаға жауапты басқарма, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Осы ретте Шардара ауданында да ілкімді іс бар екенін айта кеткен жөн. Қазірдің өзінде облыс аумағында 10-ға жуық отбасы баспаналы болып үлгерді. Елдің жомарт, отаншыл кәсіпкерлері игі бастамаға айрықша үлес қосуда. Бағдарлама аясында тұрғындарға азық-түлік, қаржылай және өзге де көмектер көрсетіліп жатыр. Бұл отбасыларға 1135 куратор бекітілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT