+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Шардарада ауыл әкімі төтенше жағдай кезінде туған күн тойлаған

2020 жылғы 22 мамыр 10:32
Бөлісіңіз:
Шардарада ауыл әкімі төтенше жағдай кезінде туған күн тойлаған

ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

2020 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанда төтенше жағдай енгізу туралы жарлығы шыққан.

Жарлыққа сәйкес 17 наурызда Шардара ауданы әкімдігінің жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия құрылып, отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан асатын топпен жүру, отбасылық, мерекелік іс-шараларды тоқтату секілді шектеулер белгіленген.

Соған қарамастан 9 сәуірде Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округінің әкімі Н.Д.Нұрсейтов және Шардара аудандық өрт сөндіру бөлімінің маманы Б.Алимханов достарымен бірге табиғат аясына жиналып, фотосуретке түскен. Бұл мәлімет әлеуметтік желіде жарияланған.

«Мәліметті тексеру барысында жоғарыда аталған тұлғалар «Энергопоток» ЖШС қызметкері Б.Базаровтың туған күнін тойлағаны анықталды. Осыған орай 13 сәуірде Шардара ауданының прокуратурасы туған күн кешін ұйымдастырушы Б.Базаровқа қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғап, оған 27780 теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын қарау мақсатында аудан прокуратурасы олардың төтенше жағдай режимін бұзуына орай қадағалау актілерін енгізді. 13 сәуірде аудан прокуратурасының ұсынысы әдеп кеңесінде қаралып, аудан әкімінің өкімімен Жаушықұм ауыл округінің әкімі Н.Д.Нұрсейтовке «қатаң сөгіс» берілді» делінген хабарламада.

Ал Шардара аудандық өрт сөндіру бөлімінің маманы Б.Алимханов «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» алса, сондай-ақ, өз қызметкерлеріне тиісті ведомстволық бақылауды жүргізбеген осы бөлімнің бастығы Б.Тұрақұлов «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT