«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша берілетін 8000 пәтер Baspana.kz сайтына шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 800 мың пәтер беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім беріп, талаптарына сәйкес келмей қалған отбасыларға «Шаңырақ» бағдарламасын ұсынамыз. Онда да алғашқы жарна –10 пайыз, ал жылдық мөлшерлеме – 5 пайыз. Бастапқы нарықтағы үй ғана сатып алынуы керек. Ондай баспананы жеке құрылыс компаниялары да салуы мүмкін, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» кепілдендірген үй болуы да мүмкін. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған үйлерді әкімдіктермен бірге осы бағдарлама арқылы беруді жоспарлап отырмыз. Қазір осы үйлерге сұраныс көп. Мамыр айының ішінде 8000-ға жуық пәтер Baspana.kz сайтында қатысады. Мұнда да «Шаңырақ» бағдарламасына қатысушылар есепке тұрған жылына қарай баспаналы болады», - деді банк басшысы.

Ләззат Ибрагимованың мәліметі бойынша, бүгінге дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында 9800-ден астам отбасы қоныс тойын тойлаған. Биыл олардың саны тағы 5 мыңға көбеймек.

«Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспанамен қамтылған отбасылардың санын екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Жыл соңында жеңілдетілген бағдарламалар аясында 10 пайыздық алғашы жарна төлеу арқылы баспаналы болған отбасылардың санын 20 мыңға жеткіземіз деп ойлаймыз», - деді банк төрайымы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы шарада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына толықтырулар енгізілетіні мәлім болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бұдан былай баспана кезегінде базаға қайта енгізуге жол берілмейді.



Соңғы жаңалықтар