Шанхайда Наурыз мейрамы атап өтілді

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Шанхайда Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Украина және Қытайдың 300-ге жуық азаматы - студенттер, кәсіпкерлер мен дипломаттар, қазақ диаспорасының өкілдері Наурыз мейрамын тойлады, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Іс-шараны Қытайдағы Қазақстан студенттер қауымдастығының Шанхайдағы бөлімі (KSAC) ҚР Бас консулдығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» Азия мен Тынық мұхиты жағалауындағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Шанхайдағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтады. Сондай-ақ «Тұсау кесу» рәсіміне қатысып, кішкентай Айша Жағпарованың аяғындағы ала жіпті кесті.

Қазақстандық студенттер концерт ұйымдастырды. Көрермендерге әннен шашу шашылып, күй шертілді, театрландырылған салт-дәстүрлер (беташар және т.б.) көрсетілді.

Қонақтар арқан тарту, қыз қуу, қазақша күрес және тағы басқа қазақ ұлттық ойындарын тамашалап, оларға өздері де қатысты. Наурыз көже, палау, бауырсақтардан дәм татты.

Соңғы жаңалықтар