Шанхайда қазақ өнерпаздарының концерті өтті

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында қазақ халық музыкасы шеберлерінің концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдың Шыңжаңынан келген алты қазақ музыка шебері бірқатар дәстүрлі ұлттық музыкалық аспапты қолданып, Шанхайдағы көрермендерге тамаша музыка кешін ұсынды. Көрерменнің көңілінен шыққан концерт негізінен табиғат, сезім, өмір, аранжировка және гармония деген төрт тақырыпқа бөлінді, Барлығы 13 музыкалық шығарма ойналды. Шанхайдағы көрермендерге әрбір музыкалық шығарманың тарихын терең түсінуге мүмкіндік беру үшін кеш ұйымдастырушысы қосымша ақпаратты жариялап отырды.

Концертті Шанхай музыка консерваториясының Азия-Еуропа музыкалық зерттеу орталығы мен Шанхай музыка консерваториясының Хэ Лютин Қытайдың жоғары музыкалық институты бірлесіп ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар