Шаңды дауыл, найзағай, аптап: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары 3 тамыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан 3 тамызда күн ашық болады.

Тек еліміздің батысында ғана найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Дауыл және шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз өңірдің басым бөлігінде жел 17-23 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде жер жылдамдығы - 15-20 м/с.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Алматы облысында күн күркіреп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзаған жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар және Қарағанды облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар