Шамалғандағы апаттан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шамалғанда пойыз соққан автобустың ішінде қалып, апаттан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше 5 жасар қыз бала есін жиды. Тыныс алатын аппараттан шығарылып, бүгін әрі қарай емдеу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Жағдайы ауыр, динамикасы тұрақты. Үш жастағы екінші баланың өкпесі жасанды жолмен тыныс алып жатыр»,- деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Бес жасар қыздың маңдай-самай сүйектері сынған. Оған Қаскелең ауруханасында бас сүйекті трепанациялау отасы жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура бақылауына алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.



Соңғы жаңалықтар