Шамалғандағы апатта зардап шеккендерге көмек көрсетуге дәрігерлер шақырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Шамалғандағы көлік апатынан зардап шеккен науқастарға Алматы мен облыстың білікті мамандарын шақырқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешегі Ақсеңгір - Шамалған пойыз өткелінде болған жол апатынан зардап шеккен ана мен балалардың денсаулығына бәріміз алаңдаулымыз. Алматы қаласы мен облыстың мықты мамандарын шақырттық. 2016 жылғы балаға Қарасай аудандық орталық ауруханасында білікті дәрігерлер операция жасады. Анасы мен балаларының жағдайынан сағат сайын хабар алып отырмын. Оларға қажетті барлық медициналық көмекті жұмылдырып жатырмыз. Қолдан келген амалдың барлығын жасаудамыз. Қаза болған автобус жүргізушісінің отбасына, туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын», - делінген А.Баталовтың Inctagram-дағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусы рельске шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның екеуі бала. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істі Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.



Соңғы жаңалықтар