Шамалғандағы апат: Дәрігерлер зардап шеккендер туралы толық ақпарат берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Шамалған станциясындағы апат салдарынан зардап шеккен үш найқастың жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқарамасына сілтеме жасап.

Қазір зардап шеккен үш науқас Қарасай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

«2014 және 2016 жылы туған балалар және 33 жасар әйелдің жағдайы өзгеріссіз қалып отыр. Үшеуінің де жағдайы ауыр. 2016 жылғы науқастың миы ауыр дәрежеде зақымданған. Кеуде қуысының жабық жарақатын алған. Сол жақ өкпесі соғылған. Команың 2-3 дәрежесі. Ал 2014 жылғы науқастың диагнозы, мидың ауыр дәрежедегі зақымдануы. Оң жақ-самай сүйегінің сынуы. Оң жақ субдуральды гематома. Кома 2-3. Ал 1986 жылғы науқастың да жағдайы ауыр. Оған қойылған диагоноз: аралас жарақат. Мидың шайқалуы. Оң жақ иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің жабық фрагментті сынығы анықталған. 1-ші дәрежедегі травматикалық шок алған», делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.

Баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, 15 қыркүйек күні сағат 19: 26 - да жедел жәрдем стансасында жолаушылар автобусы мен пойыз соқтығысуы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 15 минутта 9 жедел жәрдем көлігі келген. 1979 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын-ала болжам бойынша, жолаушылар автобусы темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар