Шамалғандағы апат: Автобуста 67 адам болған

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шамалған өткелінде пойызға соғызған автобуста 67 адам болған. Бұл туралы ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Автобуста жалпы саны 67 адам болған. Соқтығысу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын-ала болжам бойынша, жолаушылар автобусы темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.





Соңғы жаңалықтар