Шақыртуға келген медбикені зорлаған ШҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны үйіне шақыртумен келген медбикені зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бородулиха аудандық соты облыс тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (зорлау, өлтіру қатерін төндіру арқылы зорлау) бойынша қозғалған қылмыстық істің үкімін шығарды.

«Сот шешімді шығару барысында қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне қатысты қылмыстың мас күйде аса арсыздықпен жасалғанын және жәбірленуші әйелдің кәмелет жасқа толмаған балалары барын ескерді. Осыған орай, айыпталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ зардап шегушінің пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 2,5 миллион теңге өндірілді.

«Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы тарапынан шағым түссе, оның заңдылығы мен негізділігі апелляциялық инстанцияда қаралады», - деп түсіндірді сот өкілдері.


Соңғы жаңалықтар