Шахтинскіде бос тұрған көпқабатты үйлер жөнделіп, мұқтаж жандарға беріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барды. Аймақ басшысына шахтерлер қаласындағы тұрғын үй мәселесін шешу жолдары туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа құрылыстан бөлек, Шахтинск басшылығы 90-шы жылдары бос қалған көпқабатты үйлерді қалпына келтіруді көздеп отыр. Қалада мұндай үш ғимарат бар.

«Біз техникалық қорытынды алдық, оларды қалпына келтіруге болады. Екі үй бойынша заңды тазалау жүргізілді. Содан кейін коммуналдық меншікке рәсімдедік. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, ол қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде», - деді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов.

Абай даңғылындағы 9 қабатты бос тұрған тағы бір үй бойынша құжаттарды ресімдеу жалғасуда. Содан кейін ЖСҚ әзірленеді.

Шахтинск қаласында тұрғын үй алу кезегінде 1646 адам тұр. 46 көпбалалы отбасы баспанаға мұқтаж. Бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі.

Сонымен қатар, Шахтинск қаласында жаңа үйлер салынады. 2020 жылы 5 қабатты 60 пәтерлі үйді тапсыру жоспарланған. Алдағы уақытта тағы бір көпқабатты үйдің құрылысы жоспарлануда.

Шахтинск қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі сондай-ақ «Шахтинсктеплоэнерго» ЖЭО-да болды. Өңір басшысы қаланың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Станцияны жаңғырту мәселесі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар