Шахтинскіде бос тұрған көпқабатты үйлер қалпына келтірілмек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке шахтерлер қаласындағы тұрғын үй мәселесін шешу жолдары туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа құрылыстан басқа, Шахтинск басшылығы 90-шы жылдары бос қалған көпқабатты үйлерді қалпына келтіруді көздеп отыр. Қалада мұндай үш бар. - Біз техникалық қорытынды алдық, оларды қалпына келтіруге болады. Екі үй бойынша заңды тазалау жүргізілді. Содан кейін коммуналдық меншікке рәсімдедік. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, ол қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде, - деді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов. Абай даңғылындағы 9 қабатты бос тұрған тағы бір үй бойынша құжаттарды ресімдеу жалғасуда. Содан кейін ЖСҚ әзірленеді. Шахтинск қаласында тұрғын үй алу кезегінде 1646 адам тұр. 46 көп балалы отбасы пәтерге мұқтаж. Бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, Шахтинск қаласында жаңа үйлер салынады. 2020 жылы 5 қабатты 60 пәтерлі үйді тапсыру жоспарланған. Алдағы уақытта тағы бір көпқабатты үйдің құрылысы жоспарлануда. Шахтинск қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі сондай-ақ «Шахтинсктеплоэнерго» ЖЭО-да болды. Өңір басшысы қаланың жылыту маусымына дайындығын тексерді. Станцияны жаңғырту мәселесі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар