Шахтинск қаласында кезекте тұрған 250 адам пәтер алады

None
None
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Шахтинск қаласында кезекте тұрғандар үшін төрт көппәтерлі үй салынуда. Биыл 250 пәтер пайдалануға беріледі. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке қалаға жұмыс сапары барысында тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, өңір басшысы салынып жатқан бірқатар нысандарды аралап, дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жұмыстардың қалай жүріп жатқанын тексерді. Мердігер ДСК-ны биыл тапсыруы тиіс. Сыртқы жұмыстар орындалып, ішкі әрлеу жұмыстары басталды. Су құбыры, кәріз, жылу желілері, электрмен жабдықтау жүргізілді.


Жұмыс сапары кезінде Жеңіс Қасымбек автовокзалда да болып қайтты. Естеріңізге сала кетейік, ғимарат ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған болатын. Тұрғындар оны қалпына келтіру мәселесін бірнеше рет көтерді. Қазір жылу беріліп, аумақ асфальтталды, шатыр, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жөнделуде.


«Алда әлі көп жұмыс бар, бірақ осы жылдың қазан айында жаңартылған автовокзал жолаушыларды қарсы алып, шығарып салуды бастайды деп үміттенеміз», – деп баяндады Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтонов.

Облыс басшысына Шахтинск ЖЭО жабдығын жөндеу жоспары туралы да айтылды.

«Қазір алда маңызды міндет тұр – жазғы кезеңде сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Біз сіздерді қолдаймыз. Облыстық бюджеттен қазандықтар мен қосалқы жабдықтарды жаңғыртуға қаражат бөлінетін болады», – деп атап өтті облыс басшысы.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ металл бұйымдарын шығаратын «ТемирЛайн» ЖШС кәсіпорнында болды. Бизнестің жол картасы – 2020 аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқасында зауыт өндірісті кеңейтіп, өз өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша сатуды бастады. Пандемия кезінде бұл қаланың экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай әсер етті.


Соңғы жаңалықтар