Шағын және орта бизнесті қолдауға назар аудару керек - Тимур Жақсылықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың таралуына қатысты дағдарысты еңсеруде Қазақстан шағын және орта бизнесті қолдауға екпін қойды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дағдарыс барлық саланы қамтып, экономикалық өсімнің түрлі аспектілеріне тосқауыл болды. Барша әлем тиісті деңгейде тұрақтылықты сақтауға тырысты. Бастапқы күш-жігер инфекцияның таралауы мүмкіндігіне тосқауыл қоюға шоғырланды. Бірінші кезеңде індеттің таралуын шектеу тұрғысында нашар нәтиже көрсеткен елдер екінші кезеңде вакциналаудың арқасында жақсы көрсеткіштерді байқатты. Қазақстандағы жағдай қандай? Әрине, вакциналау қарқын алып келе жатқаны белгілі. Үкімет күзге қарай жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, осы арқылы инфекцияның таралуын шектеуді ескеріп отыр. Экономикалық күш-жігер саласында шағын және орта бизнеске негізделген қадамдар елеулі рөлді байқатты. Себебі шағын және орта бизнеске ауыртпалық жоғары болады. Егер өзге елдердің тәжірибесіне қарасақ, олар да осыған аса көңіл бөлді», - деді Т. Жақсылықов «Astana FINANCE DAYS 2021 конференциясы аясындағы сессия жұмысында.

Оның айтуынша, Қазақстан да өзінің күш-жігерінің елеулі үлесін аталған секторды қолдауға бағыттады.

«Қазіргі кезде бізде оңтайлы нәтижені көріп тұрмыз. Шағын және орта бизнестің өнім шығаруы қысқармады. Белсенді кәсіпорындар саны азаймайды. Қызмет көрсету саласына байланысты экономика сегментінде қысқару болды. Бәрінен бұрын сауда, қоғамдық тамақтану секторы зардап шекті. Дегенмен вакциналау қарқыны ілгерілеген сайын ахуалдың жақсаруы жалғасады деген ойдамыз», - деді вице-министр.

Оның пайымынша, шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше назар аудару керек, яғни экономикада жұмыс орындарын сақтау мақсатындағы дағдарысқа қарсы қолдау қадамдары маңызды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіне алдағы уақытта көп көңіл бөлген жөн.


Соңғы жаңалықтар