Шағын және орта бизнесті қолдауға 424 млрд теңге бөлінеді – Үкімет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шағын және орта бизнесті қолдау – экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Биылғы бірінші жартыжылдықта қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында 142 млрд теңгені құрайтың 334 жобаға қолдау көрсетілді. Жыл аяғына дейін 424 млрд теңге болатын 724 жобаға қолдау көрсету жоспарда бар», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Бизнестің жол картасы аясында да бұл кезеңде 492 млрд теңге болатын 23 мың жобаға қолдау көрсетілді.

«Жыл соңына дейін 1,2 трлн теңгені құрайтың 32 мың жобаға қолдау көрсетіледі. Осы екі бағдарлама аясында 90 мың жұмыс орыны қамтылады. Бизнесті қолдауды ең көп қажет ететін бағыттар – сауда, қызмет көрсету саласы, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қойма, сондай-ақ құрылыс саласы.

Бүгінде бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген 1 теңге субсидия бюджетке салықтық түсім түрінде 6 есе болып қайтады. Пандемия жағдайында бизнесті қолдау үшін Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірленген дағдарысқа қарсы шаралар тиімділігін көрсетті. Осы бағдарламалар бойынша жоспарланған барлық шаралар жыл аяғына дейін толық іске асырылуы керек», - деп тапсырма берді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар