+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды

2021 жылғы 8 наурыз 03:00
Бөлісіңіз:
Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атыраудан ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ыстық су беру екі күнге тоқтатылады Сапархан Омаров ауыл тұрғындарына берілетін несие түрлерін атады Жамбылда 46 жастағы әйелді ұрлап әкеткен күдіктілер құрықталды

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Привокзальный шағынауданында орналасқан шағын несие беру ұйымының кассирі 102 операторына медициналық маска киген ер адамның пышақ кезеніп, кассадан 400 мың теңгені алып кеткенін хабарлаған.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 25 жастағы азаматтың ізі суымай ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 192 бабы бойынша (қарақшылық) тергеу жүріп жатыр. Әзірге қылмыстық әрекетке қатысты өзге ақпараттар жариялауға жатпайды»,-деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тап осындай жағдай өңірде қаңтар айында болды. Ол кезде қарақшы кассирге пышақ кезеніп, ақшаны алып, ізін суытқан еді.


Виктор Сутягин


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT