Шағын автобус су қоймасына құлап, бес жолаушы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.

Жергілік әкімшіліктің хабарламасы бойынша, оқиға 07:50-де, осы провинцияның Фугу уезінің аумағында болған. Сегіз жолаушысы бар шағын автобус су қоймасына құлап кеткен.

Түрлі ведомстволар қызметкерлерінің көмегімен үш адам құтқарылды. Бес адам қаза болды. 

Апаттың мән-жайы анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар