+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Сейсенбіге арналған ауа райы

2020 жылғы 24 наурыз 00:11
Бөлісіңіз:
Сейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде елімізде күн райы ашық болады, тек жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында қар жауады Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жамбыл облысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады

24 наурызда Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, шығыста көктайғақ, түнде солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады, жел күшейеді, Қызылорда, Түркістан облыстарында желдің екпіні жекелеген аудандарда 30 м/с жетеді, тіпті одан асып кетуі ықтимал.

Түркістан облысында кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Бәйдібек ауданында екпіні 30 м/с жетеді, одан да күшейеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT