+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 2 маусым 01:23
Бөлісіңіз:
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады Алдағы үш күн Атырау облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады Қазақстанда 4 шілде күні қандай метеорологиялық жағдайлар қалыптасады

Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аумақтарында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Кейбір солтүстік өңірде қатты жел соғуы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Солтүстік Қазақстан түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Манғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Түркістан облыстарының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT