+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 18 ақпан 01:02
Бөлісіңіз:
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сәуір айының соңында күн оңтүстік өңірлерде +30 градусқа дейін ысиды 1 сәуір күні елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі Қызылорда облысында күн күркіреп, күшті жел соғады

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік бөлігінде қар күтіледі, оңтүстікте жауын – шашын (жаңбыр, қар) жауды, оңтүстік-шығыста қар, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын – шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасынмен күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында жел түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT