Сеул қаласында «Корея Республикасы - Орталық Азия диалогы» атты 3-ші форум өтеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Желтоқсанның 2-сінде Сеул қаласында «Корея Республикасы - Орталық Азия диалогы» атты 3-ші форум өтеді. 

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарады.

Форум ұйымға мүше елдердің мүдделері тоғысқан экономикалық даму, энергетикалық қорларды ұтымды пайдалану, адам ресурстарын дамыту, денсаулық сақтау және тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолында жаңа серпін беретін тетік ретінде қарастырылады.

«Форум шеңберінде Н.Ермекбаев Корея Республикасының Сыртқы істер және сауда министрінің орынбасары Ли Ен-Джунмен кездесу өткізеді, оның барысында ынтымақтастықтың екі жақты қатынастары мен  өзара тиімді перспективті бағыттары  талқыланады. Сондай-ақ диалог шеңберінде Оңтүстік Корея және Орталық Азия іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық форум өтеді», деді І.Омаров.

Соңғы жаңалықтар