+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Серпе көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

2020 жылғы 28 қараша 21:04
Бөлісіңіз:
Серпе көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыр атлет серпе көтеруден Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалына шықты Қазақстандық тағы үш боксшы Сербиядағы турнирде финалға шықты Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді

«102 келі салмақта Артем Антропов серпе көтеруден Қазақстан рекордын орнатты. Ол 216 келіні көтерді. Бұған дейін осы тәсілден Илья Ильин мықты болатын. Оның нәтижесі 208 келі», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасында жекелеген жаттығулардан жарыстың жетінші күні қорытындыланды.

102 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында 1-орын Қарағанды облысынан келген Артем Антроповқа бұйырды. Оның жиынтық нәтижесі — 373 келі (157+216).

2- орында қызылордалық Рахат Бекболат - 305 келі (135+170)

Үшінші орында қарағандылық Алексей Литовченко - 257 келі (115+142)


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT