USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Серке Қожамқұловтың туғанына 125 жыл толды

2021 жылғы 7 желтоқсан 22:38
Бөлісіңіз:
Серке Қожамқұловтың туғанына 125 жыл толды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазақ өнерінің айтулы өкілі, актер, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі Серке Қожамқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен кешті Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев ашты.

Оның айтуынша, халық әртісінің мерейтойлық кеші қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен өтіп отыр.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында сіздердің жүректеріңізден орын алған, сүйікті әртістеріңіз Серке Қожамқұловтай дара тұлғаны керемет кешпен еске алу арқылы есімін дәріптеп қана қоймай, тарихқа алтын әрітптермен жазып қалдыру мақсатында бүгінгі кеш ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Алматы қаласында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады», - деді Ғ.Майлыбаев.
Кешке белгілі кино және театр майталмандары Тұңғышбай Жаманқұлов, Сағат Жылгелдиев, Бекжан Тұрыс, Рахман Омар, Жомарт Зейнәбіл және Мақсат Рахмет, Сержан Мұсайын, «Қоңыр» тобы, «Алатау серілері» тобы, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі тағы да басқа өнер жұлдыздары қатысты.


Айта кетсек, Серке (Серәлі) Қожамқұлов қазақ өнерінің айтулы өкілі, біртуар энциклопедист – актер, Қазақ КСР-ның халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері. Заманында «Сахнаға Серке шыққанда күлмеген кісінің беті қисайып кетеді» деген мәтел шыққан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT