Серік Жұманғарин бәсекелестікті тұншықтырып отырған 3 негізгі кедергіні атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Праламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты депутаттарға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин таныстырды.

«Бүгінгі күні еліміздегі бәсекелестіктің жай-күйі негізгі тауар нарықтарындағы шоғырланудың және экономикаға мемлекеттің қатысуының жоғары деңгейлерімен сипатталады.

Осыған байланысты, біздің жұмысымыз және заң жобасының нормалары мемлекеттің экономикаға қатысумен қандай да бір түрде байланысты үш негізгі реттеуші кедергілерді шешуге бағытталған:

Бірінші. «Негізгі қуатқа» шектеулі қол жетімділік. Бұл инфрақұрылым, ресурстар, оларға қол жеткізбестен бизнес тұтынушыларға қызмет көрсете алмайды.

Екінші. Бағаны бұрмалау. Бүгінгі таңда Кәсіпкерлік кодексте бағалық реттеуге жататын тауарлардың 14 түрі көзделген. Іс жүзінде әкімшілік бағаны бақылау шаралары қолданылатын тауар нарықтары одан да көп», - деді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ, ол жекелген компанияларға билік беретін құқықтық актілер қабылдау әлі тыйылмай тұрғанын атады.

«Үшінші мәселе – селективті қамқоршылық немесе фаворитизм. Бұл жекелеген компанияларға нарықтық билік беретін құқықтық актілерді қабылдау, мемлекеттік қолдау шаралары, әдетте, бәсекелестіктің аллокативті тиімділігін бұрмалайтын атаулы сипатта болады», - деді Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар