Серхан Чынар: Осман империясы мен Алтын Орданың тарихи сабақтасығы әлі толық зерттелген жоқ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Анкара университетінің аспиранты, тарих ғылымдарының PhD докторанты Серхан Чынар Осман империясы мен Алтын Орданың тарихи сабақтасығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, Алтын Орда мен Осман империясының арасындағы байланыс Түркияның тарихында өте аз зерттелген. Бүгінгі баяндамамызда сол зерттеулердің тарихи сабақтастық мәселесін қамтимыз. Аз бізде тарихшылардың ортасында қазір Түркияда Осман империясының негізін қалаған Ер Тұғырылдың тарихи орны жайында үлкен бір материалдық фильм зерттеліп жатыр. Тарихи төлқұжаттарға сенсек, сол Осман империясы әулетінің шығу тегі мен түбі, өкінішке қарай, әлі белгілі емес. Еуропа ғалымдарының қасында Османлы әулетінің түбі түркі болмағанын дәлелдеу деген бір талпыныс болды», - деді Түркия тарихшысы Атыраудағы «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық конференцияның кулуарында.

Тарихшының мәліметі бойынша, Алтын Орда мен Осман империясының арасында тарихи сабақтастық болды ма деген сұрақ әлі дежауапсыз қалып отыр.

«Оны әзірге дәлелдей алмай жатырмыз. Бірақ кең көлемде қарасақ, бұлардың бәрі түркі тайпалары. Осман империясының құралғанынан бастап біздің Ноғай ордасынан Балқан түбегіне келіп, Осман Ғазының Ер Тұғырылдың қасында болып, ынтымақтасуын Алтын орданың Османлы империясы мемлекетілігінің құрылуына үлкен үлес қосқан тарихи одақтас бір мемлекет ретінде көріп жатырмыз», - деді Серхан Чынар.


Соңғы жаңалықтар