11:41, 09 Сәуір 2020 | GMT +6
Сербия президентінің баласы коронавирус жұқтырды
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат – Cербия президенті Александр Вучичтің баласы Данилоны тексеру қорытындылары оның коронавирусқа шалдыққанын көрсетті. Ол инфекциялық аурулар емханасына жатқызылды. Бұл туралы Telegraf-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Вучич оны әлеуметтік желідегі аккаунтында растады.
«Менің тұңғышым коронавирус жұқтырған, ол инфекциялық аурулар емханасына жатқызылды. Балам,сен дертті жеңіп шығасың».
«Әкең сені жақсы көреді, барлығымыз жақсы көреміз!», - деп жазды Вучич Instagram парақшасында.