Сербия қазақстандық кәсіпкерлерге субсидия бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өткен Қазақстан-Сербия бизнес-форумында Сербия Президенті Александр Вучич қазақстандық кәсіпкерлерді өз еліне инвестиция құруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз еркін сауда аймағы туралы келісімге түзету енгізу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Әріптестерімізден құс еті, ірімшік, шылым және өзге де тауарларды қоса алғанда ЕАЭО нарығында бірнеше тауарлық позицияда кеденсіз импортты қамтамасыз етуді сұрап отырмыз. Сонымен қатар, 5 мың автомобиль квотасы жайында да айттық. Келешекте ынтымақтастық үшін үлкен кеңістік табамыз деп үміттенеміз. Ауыл шаруашылығы саласында үлкен әлеует бар. Бізден ауыл шаруашылығы саласынан көп делегат келді, сіздерге табысты келіссөздер өткізді тілеймін», - деді Сербия Президенті.

Сонымен қатар, мәртебелі мейман әскери-техникалық салада да екі ел бірлесе жұмыс істей алатындығын баса айтты.

«Қазақстандық инвесторлардың елімізге келгенін қалаймыз. Doing-business тізімінде сіздердің іздеріңізді ала тұрмыз. Соңғы үш жылда біз бұл тізімде біршама жоғарыладық. Үш жыл қатарынан бізде профицит орын алуда. Бюджетінде профицит байқалған еуропалық елдердің саны аз», - деді Александр Вичуч.
null 

Сербия Президенті қазақстандық кәсіпкерлерді туризм, қонақ үй бизнесі сияқты салаларға еркін келуге шақырды.

«Сіздер барынша қолайлы жағдай мен мемлекеттік субсидияға ие боласыздар. Субсидияны жаңа жұмыс орнындарының саны бойынша береміз. Субсидия ұсынуды түрлі деңгейлері мен тәсілдері бар. Бірлескен кәсіпорын құру арқылы біз үлкен нарықты бағындыра аламыз. Мәселен, сіздер үшін батыс-еуропалық, ал біз үшін еуразиялық нарық. Ritz Carlton сынды қонақ үйлеріңіз қаласаңыздар Белградта да болады», - деді ол.

Айта кетейік, бизнес форум барысында екі елдің арасында 4 меморандумға қол қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар