Сенбіде онлайнда өтетін мәдени іс-шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі 6 қыркүйекте елімізде онлайнда өтетін мәдени іс-шаралар бағдарламасын жариялады. деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомтво сайтына сілтеме жасап.

Сағат 11:00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «Абай музейіне 80 жыл: «Көкбай Жаңатайұлы музейі» атты шара өткізеді .

Сағат 12:00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ақ аю» ертегісін сахналайды.

12:00-де «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы «Ботай – дала өркениетінің бастауында» атты деректі фильмді көрсетеді.

Сағат 12:00-де Наталия Сац атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының аккаунтынан «Кто сказал мяу?» В.Сутеевтің (орыс тілінде) ертегісін көруге болады.

12:00, 16:00, 18:00-де «Қазақконцерт» МКҰ жанындағы «Концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған челленджге қолдау көрсетеді.

Сағат 14:00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «Абай музейіне 80 жыл: «Шәкір Әбенұлы музейі» атты шара өткізеді .

16:00-де Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында «Рухсара» би ансамблінің концерті өтеді.

19:30-да Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында «Бір түп алма ағашы» спектаклі қойылады.


Соңғы жаңалықтар