+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Сенбі күні ауа райы қандай болады

2021 жылғы 23 қазан 01:31
Бөлісіңіз:
Сенбі күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 1 желтоқсан күнгі ауа райы Желтоқсан айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Республикамыздың басым бөлігі фронталды аймақта болуына байланысты, құбылмалы ауа райы күтіледі. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліп, тек оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлер жоғары қысым ықпалында болғандықтан, жауын-шашын болмайды.

Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кейде уақытта 30 м/с жоғары болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м /с, түнде солтүстікте, батыста - көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында желдің 15-23 м/с күшеюі, түнде батыста, күндіз солтүстікте, шығыста - көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігі мен таулы аудандарында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының таулы аудандары мен Алакөл көлдерінің маңында желдің 15-20 м/с күшеюі, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында - тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында, түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Атырау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT