+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Сенаттың кезекті жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады

2020 жылғы 28 қыркүйек 13:38
Бөлісіңіз:
Сенаттың кезекті жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысы барысында депутаттар Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобалары комитеттер арасында бөлініп берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы кітап басу ісін ашық нарыққа жіберу керек - сенатор Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беріледі Мәжілісі депуттарының сайлауы қоғам дамуындағы маңызды кезең болуы тиіс - Мәулен Әшімбаев

«Бюро отырысында Сенаттың 1 қазанда өтетін алдағы отырысының күн тәртібі белгіленді. Отырыста депутаттар «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған ҚР Үкіметі мен Люксембург Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болды. Одан басқа, сенаторлар «2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға шығарды», - делінген Сенат баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар Бюрода Мәжілістен келіп түскен заң жобалары да бөлініп берілді. Қаржы және бюджет комитеті «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT