Сенаттағы орындарға 92 кандидат үміткер болып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттағы орындарға 92 кандидат үміткер болып отыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында Берік Имашев аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 94 кандидат ұсынылғанын хабарлады.

«Салыстырмалы түрде 2017 жылы Сенатқа кезекті сайлауда 89 кандидат ұсынылған, 2014 жылы – 88, 2011 жылы – 96 кандидат ұсынылған болатын. Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол осы ағымдағы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады», - деді Берік Имашев.


Соңғы жаңалықтар