Сенатта «Ұлы дала құндылықтары» тақырыбында талқылау өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатында «Ұлы дала құндылықтары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Сенаттың 2020 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ұлттық құндылықтар - рухани жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған «дөңгелек үстелді» ұйымдастырып отыр. Оның басты мақсаты – алдағы уақытта өткізілуі жоспарланып отырған «Ұлы дала құндылықтары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау бойынша жұмыс тобын құру, көтерілетін мәселелерді айқындап, олар бойынша тиісті ұсынымдар жобасын әзірлеу, парламенттік тыңдауды өткізуді ұйымдастыру мәселелерін пысықтау болып отыр», - деді сенатор аталған дөңгелек үстел отырысында.

Осы орайда ол тақырып аясындағы басқа да өзекті мәселелерді депутаттармен, тиісті министрлік басшыларымен және зиялы қауыммен талқылау қажеттігі туындап отырғанын жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз да, Мемлекет басшысы да соңғы кездері ұлтымыздың рухани, материалдық құндылықтарын сақтау, дәріптеу мәселелеріне Жолдауларда, бағдарламалық мақалаларда арнайы тоқталып жүр. Жаһандану дәуірінде жас ұрпақ үлкен ақпарат айдынымен бетпе-бет келіп отыр. Құндылықтардың іштен іруі – руханиятымызды ұсақтатып, ұлттық тамырына балта шабатыны сөзсіз. Оған әлем тарихында мысалдар жеткілікті. Бұл өз кезегінде әрбір қазақты ойландыруы керек. Ұлттың қорғаны - тіліміз, салт-дәстүріміз, отбасылық қасиетіміз, ұлттық бірегейлігімізді көрсететін рухани жандүниеміз, адал еңбегеміз бен кәсібилігіміз, ең бастысы, біліміміз бен ғылымымыз», - деді М. Бақтиярұлы.


Соңғы жаңалықтар