+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Сенатта солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың мәселесі көтерілді

2020 жылғы 3 желтоқсан 12:32
Бөлісіңіз:
Сенатта солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың мәселесі көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Айгүл Қапбарова көші-қон процестерін іске асырудағы мемлекеттік шаралар мен тетіктерге қарамастан, өңірлердегі көші-қон проблемалары толық шешілмей отырғанына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы сенатор депутаттық сауалында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018-2019 жылы және осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5123 адам қоныс аударған болса, өңірден 10 мыңга жуык адам көшіп кеткен. Осы облыста соңғы жылдары мектептер жабылып, ғимараттары аукционға қойылып сатылуда», - деді Айгүл Қапбарова Сенаттың жалпы отырысында.

Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық 118 832 адамды құрайды. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8%-ын 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар құрайтындығы алаңдатады.

Сенатор сыртқы көші қонның санын азайту үшін ішкі көші қон үдерісіндегі еңбек теңгерімін тұрақты және тиімді қалпын сақтау маңызды екенін айта келіп, ел аумағының біртұтастығы үшін оңтүстіктен солтүстік аймақтарға бағытталған көші-қон үрдісін жалғастыру керек деп санайды.

«Қоныс аударушылар үшін мемлекет беретін тұрғын үйлердің көпшілігі қазіргі заманғы өмір сүру стандарттарына, нормаларға сәйкес келмейді. Кейбір үйлер қоныс аударушылардың айтуынша, апатты жағдайда тұр. Қоныс аударушылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қолдау көрсетудің кейбір тетіктері жеткіліксіз», - деді сенатор А. Қапбарова.

Сенатор депутаттық сауалда халықты көшірудің арнайы мемлекеттік немесе өңірлік бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр. Себебі қазіргі таңда халықты көшіру процесі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының бір бөлігі ғана. Бұл бағдарлама қоныстандыру барысында туындайтын міндеттер мен мәселелердің барлық спектрін шешпейді және қамтымайды.

«Өңіраралық көші-қон процесінде жас отбасыларға елеулі көңіл бөлініп, мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері жүзеге асыру керек», - деді депутат.

Сенатор қоныс аударушылар үшін тұрғын үй берудің нақты тетігін пысықтауды, бюрократиялық кедергісіз жер учаскелерін беру, қоныс аударушыларды жинақы қоныстандыру үшін жеке тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие беру керектігін атап өтті. Сондай-ақ «Бір терезе» қағидаты бойынша қоныс аударушылар туралы деректердің бірыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесін енгізу қажеттігі айтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT