Сенатта республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалады

None
None
НҰР-Сұлтан. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда Палатаның 18 маусымға жоспарланған кезекті отырысында қаралатын мәселелер пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сенаторлар алдағы отырыс барысында ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдайды және талқылайтын болды. Сонымен қатар, отырыста ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы мен әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама мәселелері бойынша ілеспе заң жобасын, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімнің ратификациясын және заңнамаға бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді қарау жоспарланып отыр», - делінген Сенат баспасөз қызметі мәліметінде.

Сонымен қатар, Бюрода Мәжілістен келіп түскен заң жобалары комитеттер арасында бөлініп берілді.

Қаржы және бюджет комитеті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚРКодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын пысықтау жұмыстарымен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті айналысатын болды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне бөлінді.

Бас комитеттерге ҚР Парламенті Сенатының басқа комитеттерінің ұсыныстарын қорыту және осы құжаттар бойынша қорытындылар дайындау тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар