Сенаторларға Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев сенаторларға Мәжіліс мақұлдаған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта, жария-құқықтық дауларда, мемлекеттік аппарат азаматқа қарсы болған кезде тараптардың теңсіздігі орын алады. Азаматтардың мүмкіндіктері мемлекеттік аппарат ресурстарымен сәйкес келмейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткенін білесіздер. Осыған орай, Мемлекет басшысы әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажеттілігін белгіледі. Осы міндеттерді шешу үшін Әділет министрлігі Жоғарғы Сотпен бірлесіп - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын әзірледі», - деді Марат Бекетаев Парламент Сенатының отырысында.

Министрдің айтуынша бұл заң құқықтық жүйе үшін жаңа құжат. Кодекс жобасы бірнеше мақсаттарды көздейді.

«Біріншіден, азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітуді көзделеді. Екіншіден жоғары тұрған орган мен сотта билік органдары дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу керек. Осыған орай, Кодекс жобасы екі негізгі бөліктен тұрады. Ол – әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу», - деді ол.

Марат Бекетаев әкімшілік рәсімдерді реттеу бөлігінде жобада мынадай негізгі ережелерді көздейтінін жеткізді:

1. Билік өкілеттігін тек мемлекеттік органдар ғана емес, өзге де тұлғалар жүзеге асыратынын ескере отырып, «әкімшілік орган» ұғымын бекіту ұсынылады.

2. Билік субъектілері тарапынан ықтимал теріс пайдаланушылықтан жеке тұлғаларды қорғауға арналған жаңа қағидаттар енгізілуде.

3. Билік органдарының басқару шешімдерін қабылдау кезінде азаматтармен «кері байланысты» қамтамасыз ететін рәсімдік кепілдіктер бекітіледі.

4. Азаматтар үшін қолайлы құқықтық шешімдерді жоюдың ерекше тәртібі енгізіледі.

5. Кодекстің жобасында міндетті түрде даулардың сотқа дейінгі шағымдану институты енгізіледі. Алайда бұл салық және кеден дауларына таралмайды.


Соңғы жаңалықтар