Сенаторлар Цифрлық үкімет кеңсесінде болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің базасында жұмыс істейтін Цифрлық үкімет кеңсесінде болды. Бұл туралы ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенаторларға мемлекеттік органдардағы процестерге реинжиниринг жасайтын және оларды цифрлық сипатқа ауыстырумен айналысатын құрамында Цифрлық трансформация орталығы бар кеңсе көрсетілді.

Салалық мекеме министрі Бағдат Мусин кеңсенің мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық міндеттері мен басымдықтарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жедел және келісілген іс-әрекетін қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел ден қоюды талап ететін жағдайларды анықтау, алдын алу және шешу екенін парламентшілерге айтып берді.

ЦҮК құрамында сонымен қатар Ұлттық талдау орталығы және Ұлттық жобалау кеңсесі де жұмыс істейді. Олар математикалық модельдеуді, болжауды және талдауды қолдана отырып, деректер базасының байланыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар