Сенаторлар бір күндік жалақысын коронавируспен күрес шараларына аударады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаттары бір күндік жалақысын коронавируспен күрес жөніндегі қорға аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін палатаның жалпы отырысында Сенат төрағасы Дариға Назарбаева тиісті ұсынысты жасады.

«Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің бір күндік жалақысын вируспен күрес жөніндегі қорға аудару туралы ұсыныс жасалды. Қарсылық жоқ па? Егер де көбірек соманы аударуға ниет білдіргендер болса, бұл қадам құптарлық жағдай. Қолдайсыздар ма?», - деді Д. Назарбаева.

Өз кезегінде барлық сенаторлар аталған ұсынысқа бірауыздан қолдау білдірді.


Соңғы жаңалықтар