+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Сенатор: Жер қойнауын пайдаланушылар елдің ғылыми әлеуетін дамытқысы келмейді

2020 жылғы 15 қазан 13:31
Бөлісіңіз:
Сенатор: Жер қойнауын пайдаланушылар елдің ғылыми әлеуетін дамытқысы келмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатор Еділ Мамытбеков өндіріс пен ғылымның бір-бірінен алшақтап кеткенін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника сыйлығының иегерлері анықталды Зиябек Қабылдинов: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссиядан ел үлкен үміт күтеді

Сенат депутаты Еділ Мамытбеков Мемлекет басшысы өнеркәсіптік саясатты дамыту бойынша жаңа амал-әдістерді әзірлеуді тапсырғанын еске салды.

Оның айтуынша, ішкі нарық пен жұмыс орындарын қорғайтындай ресурстарды пайдаланып, мемлекеттік қаражатты жұмсайтын бірыңғай жүйе жоқ.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың қазанына дейін «Өнеркәсіптік саясат» туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеуге міндеттелген еді. Осылайша аталмыш министрлік батыл әрекет жасарлықтай карт-бланшқа ие болған. Алайда ол министрлік бұл ретте мемлекеттік ведомстволар арасында бәсеке барын, олардың арасында нақты үйлесім мен тиімді өнеркәсіптік саясат жоқтығын алға тартты. Осының бәрі айналып келгенде жаһандану мен субаймақтық байланыс факторларының күшеюуі жағдайында отандық өнеркәсіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін азайтып тұр», - деді Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Еділ Мамытбеков.

Сенатордың есептеуінше, өндіріс пен ғылым бір-бірінен алшақтап кеткен. Осының кесірінен өндіріс кезінде тиімділік аз да, елдегі өнеркәсіптік жобаның кез келген тауарын сатарда бағасы арзан болмай жатады.

«Шетелдік бизнесті айтпағанда, отандық бизнестің өзі елдің ғылыми-техникалық дамуы тұрғысында ешқандай жауапкершілік алғысы келмейді. Ары кеткенде өзінің кәсібилігінің шыңын – шетелдік тасымалдаушылардан технология сатып алумен көрсетеді. Онымен қоймай жер қойнауын пайдаланушы бизнесмендер біздің елдің табиғи байлығын пайдалану кезінде ғылыми әлеуетті дамыту бойынша өз міндеттемелерін орындағысы келмейді», - деді Еділ Мамытбеков.

Депутаттың пікірінше, экономика мен өндірісті индустриялық-инновациялық дамытуға толыққанды ғылымды араластырмау – көп жылдан бергі мәселеге айналған.

«Бүгінгі таңда ғылыми ұжымдар мен жеке ғалымдардың гранттық қаржыландыруға жалтақтағанынан басқа амалы жоқ. Ал оның өзіне қол жеткіз қияметтің қияметі. Қазір әкімдіктер мен квазимемлекеттік секторлар импорттық сатылымдарға баса мән береді. Елдегі инженерлік және өндірістік персоналдың жұмысын дамытпай бұл мәселені реттеу мүмкін емес», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT