Сенатор медколледждердің білім сапасын сынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі медициналық колледжердің білім беру сапасы төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Сенат депутаты Серік Бектұрғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы еліміздегі 80 колледждің 21 мыңға жуық түлегінің біліміне бағалау жүргізілді. Жалпы, елімізде медицина мамандарын дайындайтын 85 колледж бар. Орташа көрсеткіш 75 баллды құрады. Білімін дәлелдей алмағандардың үлесі 3 пайыз болды. Ең төмен нәтижені бір мемлекеттік және 27 жекеменшік колледж көрсетті»,- деді сенатор.

Мәселен, оның дерегінше, Алматыдағы Мәриям медицина колледжі түлектерінің шамамен 80 пайызы шекті балды жинай алмаған. Оңтүстік Қазақстан медицина колледжі түлектерінің - 41, Шымкенттегі Орталықазиялық медицина колледжі түлектерінің 38 пайызы білімдерін дәлелдей алмады. Бұған қоса, білімін растай алмаған студенттерге диплом беру фактілері де кездеседі.

«Тіпті емтиханға мүлдем келмегендерге де диплом берілген. Ал, бұл өрескел заң бұзушылық. Мұндай жайттар орта кәсіби медициналық білім беру жүйесіндегі түсініксіз жағдайға байланысты орын алуда. Олар білім беру жүйесінен білім беру қызметіне лицензия алады. Ал қалғанының бәріне облыстық денсаулық сақтау басқармалары жауап беруі тиіс. Жекеменшік медициналық колледждер болса тіпті, өкілетті органдар тарапынан, білім беру саласынан да, денсаулық сақтау саласынан да бақыланбайды. Бұл жағдайды тез арада өзгерту қажет», - деді Серік Бектұрғанов.


Соңғы жаңалықтар