Сенатор М. Алтынбаев НАТО ПА сессиясына қатысуда

None
None
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұхтар Алтынбаев НАТО Парламенттік Ассамблеясының 11-14 қазан аралығында Дубровник қаласында (Хорватия) өтіп жатқан жыл сайынғы 59-сессиясына қатысуда.

Бағдарламаға сәйкес, сессия аясында саяси комитеттің, қауіпсіздіктің азаматтық өлшемі, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, ғылым және технологиялар комитетінің отырыстары болады.

Отырыстарда НАТО-ның Орталық Азиямен ынтымақтастығы, Ауғанстандағы оқиғалардың 2014 жылдан кейінгі дамуы, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік және әскери мақсаттар үшін энергетика саласындағы инновациялар мәселелерін талқылау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар