Сенатор құрылысы кейінге шегерілген университет жатақханасы мәселесін көтерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев студенттерге арналған жатақхана құрылысы мәселесін көтерді. Осы орайда ол тиісті жауап алу үшін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылғы 5 наурызда Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде студенттердің жағдайын жақсартуға, оның ішінде 2022 жылдың соңына дейін елімізде 75 мың студентке жатақхана салу туралы тапсырма берген болатын. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда еліміздің 81 мың студенті жатақханаға зәру болып отыр. Осы орайда ағымдағы жылдың 18 желтоқсанда «Время» газетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қатысты жарияланған «Проектно-сметная мистификация» мақаласы біздің депутаттық сауалымызға түрткі болды. Газетте жарияланған мәліметтерге сүйенсек, осыдан жеті жыл бұрын Университет жатақханалар, медициналық орталық, сондай-ақ инновациялық кластердің құрылысына жобалық сметалық құжат әзірлеуге 6 миллион доллардан астам бюджет қаражатын жұмсаған. Мақалада нысандар әлі күнге дейін салынбағаны айтылған», - деп тоқталды сенатор.

Белгілі болғандай, бөлінген қаражатқа жатақхананың құрылысына жобалық сметалық құжат әзірлеу мерзімі 2011 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың шілде айына дейін 12 рет созылған. Сонымен бірге, медициналық орталықтың құрылысының жобалық сметалық құжат әзірлеу мерзімдері 2016 жылдың маусымына дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған.

«Тендерлерді ұтып алған екі компанияныңда бір мекенжайға, яғни Өскемен қаласы Сәтпаев көшесі, 29/2 үйге тіркелгені күдік ұялатады. Сонымен бірге, Университеттің жанындағы инновациялық кластердің жобалық сметалық құжатын әзірлеу алты рет кейінге қалдырып, мерзімі 2016 жылға дейін созылып отырылған. Құрметті Ғизат Дәуренбекұлы, жоғарыда айтылғандардың негізінде осы мәселе бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте тиісті іс-шаралар қарастыруды сұраймыз», - деді НариманТөреғалиев.

Соңғы жаңалықтар