Сенатор ауылдардағы мемқызметшілердің санын қысқартпауға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Ольга Перепечина Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында ауылды жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің санын қысқартпауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Назар аударатын тағы бір мәселе – білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Бюджеттің төртінші деңгейін енгізу жағдайында ауылды жерлердегі аппаратты 25 пайызға қысқарту жағына байқап келу керек. Себебі онда бір адам бірнеше қызметті атқарып отыр. Оларды қысқарту жұмыс сапасына кері әсер етеді», - деді Ольга Перепечина Парламент Сенатының отырысында жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатр сондай-ақ бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер ауыл әкімдіктерінің шығыстарын қаржыландырудың негізгі көзі болып қалатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемқызметшілерді қысқарту мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берген еді.

Соңғы жаңалықтар