Сенат Ұлттық қордан үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы құжатты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2021 жылы – 2 трлн 700 млрд теңге, 2022 жылы – 2 трлн 400 млрд теңге, 2023 жылы – 2 трлн 200 млрд теңге сомасында ескерілген.

«Заң жобасында сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады. Аталған кепілдендірілген трансферт Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шартты қамтамасыз етеді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар