Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров PRI өкілдігінің аймақтық директорымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров «Penal Reform International» ұйымы Орталық Азиядағы өкілдігінің аймақтық директоры Азамат Шамбиловпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның осы халықаралық ұйыммен ынтымақтастығының тиімділігі атап өтілді.

Сенат төрағасының орынбасары «Penal Reform International» Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесін реформалауға, пенитенциарлық органдар қызметкерлерін кәсіби даярлау мен пробация қызметін дамытуға, сотталғандарды әлеуметке қайта тарту мен жазаны орындаудағы үздік тәжірибелермен танысуға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті.

PRI өкілдігі сондай-ақ Қазақстанда алдын алу жөніндегі ұлттық тетіктерді құру мен қалыптастыруда, оның заңнамалық бекітілуі мен жүзеге асыруда басты қатысушылардың бірі болып табылатыны атап өтілді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы алдын алу жөніндегі ұлттық тетіктер мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының үлгісі әрі жабық мекемелерді қоғамдық бақылаудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.

А.Шамбилов Қазақстандағы қылмыстық сот ісін жүргізу мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған реформаларды жоғары бағалады. Оның пікірінше, елімізде кейінгі кезде қабылданған заңдар осы реформаларды іске асыру үшін құқықтық базаны құрап отыр.

Тараптар кездесу соңында нәтижелі ынтымақтастықты, оның ішінде заң шығару саласындағы байланыстарды өрістету қажеттігін айтты


Соңғы жаңалықтар