Сенат төрағасы жұмыс сапарымен БҚО-ға келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сенат басшысы Д.Назарбаева облыстық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен және ұлттық мәдени орталықтардың басшыларымен жүздесетін болады», - делінген палата мәліметінде.

Еске салайық, 7 қазан күні Сенат басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, онда мәслихат депутаттарымен, мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының өңірлік бөлімшесінде азаматтарды қабылдап, іскер әйелдермен, жастармен, БАҚ өкілдерімен жүздесті.
Соңғы жаңалықтар