+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Сенат Төрағасы мен ТүркПА Бас хатшысы кездесуінде Түркі Кеңесі саммитінің шешімдерін іске асыру талқыланды

2020 жылғы 17 қыркүйек 19:21
Бөлісіңіз:
Сенат Төрағасы мен ТүркПА Бас хатшысы кездесуінде Түркі Кеңесі саммитінің шешімдерін іске асыру талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы кітап басу ісін ашық нарыққа жіберу керек - сенатор Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беріледі Мәжілісі депуттарының сайлауы қоғам дамуындағы маңызды кезең болуы тиіс - Мәулен Әшімбаев

Кездесу барысында Түркі Кеңесінің төтенше саммитінің шешімдерін іске асыру мәселелері талқыланды. Аталған жиында мемлекет басшылары коронавирус пандемиясымен күресу үшін ұлттық деңгейде қабылданған шаралар туралы және елдеріміз арасындағы індетпен күрес жөніндегі ынтымақтастық бойынша пікір алмасқан болатын.

Сенат Төрағасы ТүркПА-ның қазақ, әзербайжан, қырғыз және түрік тілдеріндегі терминологиялық бірыңғай заң анықтамалығын құру идеясына қолдау білдірді. Бұл жоба ұйымға қатысушы елдердің заңнамасында қолданылатын құқықтық терминологиямен жұмысты айтарлықтай жеңілдете алады.

Мәулен Әшімбаев былтыр Жастар жылы аясында Қазақстан астанасында жас парламентшілердің алғашқы отырысы өткеніне назар аударып, бұл бастаманың болашақта жалғасатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар тараптар ТүркПА елдері парламентшілерінің көпжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасып, ұйым қызметінің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT