Сенат төрағасы Грузияның премьер-министрімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламенттің жоғары Палатасының басшысы Дариға Назарбаева Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадземен екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М. Бахтадзе Грузия тарихында және екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытудағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың рөлін жоғары бағалады.

Сенат басшысы Грузия тарапына қазақстандық бастамаларды қолдағаны, атап айтқанда, Астана экономикалық форумына қатысуы және қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдірді. Грузия премьер-министрі Астана экономикалық форумының ерекшелігіне тоқтала келіп оның нәтижеге бағытталғанын атап өтті.

Сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту, маңызды инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар туралы айта келіп, Д. Назарбаева көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды өрістеті қажеттігін атап өтті. «Транзиттік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі Қазақстан мен Грузияның мүдделері сәйкес келеді. Біздің мемлекеттердің аумағы арқылы ірі трансқұрлықтық көлік дәліздері өтеді. Бұл зор артықшылықты пайдалану керек», - деді Сенат төрағасы.
null

Тараптар туристік әлеует пен гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің келешегін талқылады. Грузия Премьер-министрі Грузияның Жалпы ішкі өнімінің 6 пайызы елдегі білім беруді дамытуға бағытталатын жаңа заң туралы хабардар етті. Ол екі елдің жоғары оқу орындарына ынтымақтастықты белсенді дамытуды ұсынды.

Сенат төрағасы елдегі маңызды ішкі саяси оқиғалар, қазақстандықтардың келешекке зор сеніммен қарайтыны туралы айта келіп, еліміздегі президент сайлауы жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы әңгімеледі.

Д.Назарбаева сондай-ақ Грузияны келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Жеңімпаз Грузия халқының өркендеп, дамуына тілектеспін. Бұл мақсатта жақын болашақта қол жеткізетініне сенімдімін»,- деді Сенат төрағасы.

Соңғы жаңалықтар