Сенат төрағасы Беларусьтің Қазақстандағы елшісімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәулен Әшімбаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинді қабылдады.

Кездесу барысында елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық және парламенттік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

«Беларусь Премьер-Министрі біздің елге сапар жасады. Бұл сапар өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылмен бірге экономикалық ынтымақтастық пен кооперацияны одан әрі нығайту тұрғысында аса маңызды болды, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат спикері Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының маңызды бағыттарының бірі парламентаралық ынтымақтастық екенін атап өтті.

«Біздің депутаттарымыз арасында екіжақты және көпжақты форматта тығыз байланыс орнады. Парламенттеріміздің палаталары арасында Ынтымақтастық жөніндегі комиссия табысты жұмыс істеп келеді. Екі ел депутаттарының ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА және ЕҚЫҰ ПА алаңдарындағы белсенді іс-әрекеті парламенттік дипломатияның маңызды бағыты болып саналады», – деді Сенат төрағасы.


Соңғы жаңалықтар