+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды

2020 жылғы 17 қыркүйек 11:10
Бөлісіңіз:
Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқылады. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Украина арасында қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек туралы шарт ратификацияланды Жұртшылықтың белсенді қатысуынсыз жемқорлықты жою мүмкін емес - Расул Медетов «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына қатысушыларға 4 млн теңгеден астам сыйақы төленді

«Заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында Сенат депутаттарының ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізу ұсынылады, оған сәйкес қылмыс жасауға арандату деп кейін әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның заңсыз әрекеттері жатады. Бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 1-бабының 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген 2-1-бөлігіне сәйкес Кодекске өзгерістер немесе толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты бұл заң жобасынан Кодекске осы түзетулерді алып тастау қажет», - деді сенатор Андрей Лукин.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2019 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, әзірленген заң жобасының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіруне арналған. Заң жобасымен 4 кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заң жобасының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі түрде алдын алу жөніндегі қосымша шараларды енгізу.

Атап айтқанда:

- мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленеді;

- өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым енгізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT